iOS MDM серверін орнату

iOS MDM серверін жергілікті құрылғыға орнату үшін:

  1. setup.exe орындалатын файлын іске қосыңыз.

    Орнату үшін "Лаборатория Касперского" бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады.

    iOS MDM серверін орнату сілтемесі арқылы бағдарламалар таңдауы бар терезеде iOS MDM серверін орнату шеберін іске қосыңыз.

  2. Мақсатты қалтаны таңдаңыз.

    Әдепкі бойынша мақсатты қалта: <Диск>:\Program Files\Kaspersky Lab\Mobile Device Management for iOS. Мұндай қалта болмаса, ол орнату барысында автоматты түрде жасалады. Сіз мақсатты қалтаны Шолу түймесі арқылы өзгерте аласыз.

  3. Шебердің iOS MDM серверіне қосылу параметрлерін көрсету терезесінде, iOS MDM қызметіне қосылудың сыртқы порты өрісінде ұялы құрылғыларды iOS MDM қызметіне қосуға арналған сыртқы портты көрсетіңіз.

    Ұялы құрылғылар 5223 сыртқы портын APNs серверімен байланысу үшін пайдаланады. Желілік экранда 17.0.0.0/8 мекенжайлар ауқымына қосылу үшін 5223-порт ашық екеніне көз жеткізіңіз.

    Құрылғыны iOS MDM серверіне қосу үшін әдепкі бойынша 443-порт қолданылады. Егер 443-портты басқа сервис немесе қолданба пайдаланып жатса, оны, мысалы, 9443-портқа өзгертуге болады.

    iOS MDM сервері APNs серверіне хабарландырулар жіберу үшін 2197 сыртқы портын пайдаланады.

    APNs серверлері теңдестірілген жүктеме режимінде жұмыс істейді. Ұялы құрылғылар хабарландыру алу үшін әрқашан бірдей IP мекенжайларына қосылмайды. 17.0.0.0/8 мекенжайлар ауқымы Apple компаниясына тағайындалған, сондықтан бұл ауқымды желілік экран параметрлерінде рұқсат етілген деп көрсету ұсынылады.

  4. Бағдарлама құрамдастары арасында өзара әрекеттесу үшін порттарды қолмен конфигурациялағыңыз келсе, Жергілікті порттарды қолмен орнату параметрін таңдап, келесі параметрлердің мәндерін көрсетіңіз:
    • Желілік агентке қосылу порты. Өрісте iOS MDM қызметін Желілік агентке қосу портын көрсетіңіз. Әдепкі бойынша 9799-порт орнатылған.
    • iOS MDM қызметіне қосылудың жергілікті порты. Өрісте Желілік агентті iOS MDM қызметіне қосу портын көрсетіңіз. Әдепкі бойынша 9899-порт орнатылған.

    Әдепкі бойынша мәндерді пайдалану ұсынылады.

  5. Шебердің Ұялы құрылғылар серверінің сыртқы мекенжайы терезесінде, Ұялы құрылғылар серверіне қашықтан қосылу веб-мекенжайы өрісінде iOS MDM сервері орнатылатын клиент құрылғысы мекенжайын көрсетіңіз.

    Бұл мекенжай басқарылатын ұялы құрылғыларды iOS MDM қызметіне қосу үшін қолданылады. Клиент құрылғысы, оған iOS MDM құрылғыларын қосу үшін қолжетімді болуы керек.

    Клиент құрылғысының мекенжайын келесі пішімдердің бірінде көрсетуге болады:

    • құрылғының FQDN атауы (мысалы, mdm.example.com);
    • Құрылғының NetBIOS атауы.

    Мекенжайы бар жолға URL схемасын және порт нөмірін қосуға болмайды: бұл мәндер автоматты түрде қосылады.

Шебер жұмысының нәтижесінде iOS MDM сервері жергілікті құрылғыға орнатылады. iOS MDM сервері консоль ағашының Ұялы құрылғыларды басқару қалтасында көрсетіледі.

Басына оралу